Қазақстанның жүрегі – Астана

А. С. Пушкин атындағы ҚБК қызметкерлері Елорда күні қарсаңында «Ақбота» клубының қатысушылары үшін «Қазақстанның жүрегі – Астана» атты виртуалды саяхат өткізді. Балалар Астана қаласының түрлі-түсті пейзаждарымен және көрікті жерлерімен танысып, виртуалды саяхат жасады.
Сондай-ақ, кітапханашы Елорда тарихын бейнелейтін, жаңа сәулет нысандары туралы әңгімелейтін маңызды және қызықты сандармен таныстырды. Қатысушылардың назарына кітапхананың кітап қорынан: З. Е. Кабульдиновтың «Астана: өткен және қазіргі», «Жан – жүрегім Астана», «Астана: монументтер мен мүсіндер» кітабтары мен Ш. Шахайдың фотоальбомы ұсынылды.