Қазақтың ұлттық тағамдары

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Х. Тілемісов «Қазақтың ұлттық тағамдары», Т.А. Комарова «Тамақтану әліппесі», «Сен білесің бе?» «Қазақтың ұлттық тағамдары» кітаптарынан алынған материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстырды. Қатысушылар тақырып бойынша жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдер айтты. Үйірме соңында балалар өздерінің сүйікті ұлттық тағамдарының суретін салды және дайын жұмыстар көрмесін ұйымдастырды.