24 қарашада Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай құрылыс колледжінің студенттері үшін ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері М. Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Қазақтың асыл перзенті» атты әдеби қонақжайын өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстандағы ХХ ғасырдың қоғамдық идеясы туралы мазмұнды ақпарат берілді. Алаш партиясының тарихымен, оның пікірлес көшбасшыларымен таныстырды. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, «Бақытсыз Жамал» романынан үзінділер, «Оян, Қазақ!» өлеңі және басқалар оқылды. М. Дулатовтың қызы Гүлнар Мыржақыпқызының естелік-бейнероликтері және деректі фильмдер көрсетілді.
Іс-шараға «Ұлт рухының ұлағатты тұлғасы» атты кітап көрмесі дайындалды.
Қазақтың асыл перзенті