Қазіргі құлдыққа қарсы тұру механизмдері

«Строительный» кітапхана-филиалы оқырмандар назарына «Қазіргі құлдыққа қарсы тұру механизмдері» кітап кеңес-сөресін ұсынды.
Құлдық – бұл мәжбүрлі еңбекті, қанауды, адамдарды өз еркіне қарсы іс-әрекетке тартуды, адам саудасын қамтитын адам құқықтарын бұзудың өзекті ауыр түрі.
«Адам сатудан сақтаныңыз» брошюрасында біз арзан жұмыс күшіне сұраныстан басталып, мәжбүрлі еңбек пен құлдықпен аяқталатын қылмыстар туралы айтып отырмыз.
Американдық жазушы Гарриет Бичер-Стоу «Хижина дяди Тома» кітабында құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасы, өмірлік трагедиялар мен шынайы махаббат туралы әңгіме ашты.
«Заң және заман» журналдарында Жанара Сейтаеваның «Борьба с торговлей людьми: укрепление межведомственного сотрудничества посредством симуляционного обучения», «Борьба с торговлей людьми на миграционных маршрутах» мақалаларында адам құқықтары саласындағы қазақстандық реформалардың кейбір аспектілерін ұсынады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханаға барып, кітап сөресінің өзекті материалдарымен танысуға шақырамыз.