Қазіргі заманғы ғылымдардың бастауында

Шығыстың ұлы философы, ғалым-энциклопедисі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Қазіргі заманғы ғылымдардың бастауында» тақырыптық сөресі рәсімделді. Онда «Исторические личности» және «Тұңғыштар» энциклопедияларынан ғалымының өмірбаяндық деректері, оның өмірі мен шығармалары туралы «Әл-Фараби және замануи Қазақстан философиясы» және Ж. Алтаевтың «Аль-Фараби – великий мыслитель Востока» сияқты кітаптары, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар, мысалы, доцент М. Алейниковтың «Проблема счастья в этико-философском учении Аль-Фараби» (Мысль. – 2021. – №1.), сондай-ақ әл-Фарабидің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармалар жинағы ұсынылған.