Қолөнер арқылы шабыт

2024 жылдың 15 маусымда Н. Островский ат. ОҚК «Шабыт» клубының кезекті отырысы өтті. Кітапханашы клуб мүшелеріне қолөнердің әртүрлі бағыттары жайында ақпарат беріп қыр-сырымен бөлісті. Осы тақырыпты ашатын электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Шақырылған қонақ Баймагамбетова Карагоз Қайыржанқызы терімен жұмыс істеу дағдыларымен бөлісіп, «былғарыдан жасалған қиялдар» шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар клуб отырысының тәжірбиелік бөліміне белсенді қатысты. Шеберлік сағат қатысушыларға көптеген жағымды әсер қалдырды.