#ҚОНАҚТАР_Ұрпақтар кездесуі

24 маусым күні «Станционный» кітапхана-филиалының ұжымы «Мәдени тартымдылық» кітапхана жобасы аясында #ҚОНАҚТАР ұрпақ кездесуін өткізді. Шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих, археология және этнография мәселелерін ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету бөлімінің әдіскер-тарихшысы Цымбалюк Нәзира Әлжанқызы шақырылды.
Кітапханашы Қазақстан тарихы, мемлекеттіліктің дамуы мен қалыптасуы туралы қысқаша мәліметтерді, маңызды тарихи оқиғалар мен даталардың шежіресін ұсынды. Нәзира Әлжанқызы Қостанай облысы құрылған күннен бастап, халықаралық байланыстардағы, экономикадағы, мәдениеттегі жетістіктерге тоқталды.
«Қазақстан» деректі фильмінен үзінді көрген шараға қатысушылар «Қазақстан туралы не білесің» викторинасына белсене қатысты.
Шара соңында «Сұрақ-жауап», «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойындары өткізілді.