Қош келдің, әз Наурыз!

18 наурызда «Ұлттық киім күні», «Қонай» кітапхана-филиалының кітапханашысы Чапаев негізгі орта мектебімен бірлесіп «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама өткізді.
Зал түрлі-түсті безендірілген. Барлық қатысушылар мен көрермендер ұлттық киімдер мен ұлттық әшекейлермен келді. Наурыз мерекесімен құттықтау сөздер айтылды. Жүргізушілер Наурызнама онкүндігімен таныстырып, 18-і Ұлттық киім күні екенін еске салды.
Оқушылар ән, күй, ұлттық билерді орындады. Жиналғандарға бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылды. «Шашу», «Сырға салу», «Бесікке салу» ырымдары орындалды.