Қош келдің Көктем!

14 наурыз 2025 жылы «Строительный» кітапхана-филиалы «Біз бақытты баламыз» үйірмесінің мүшелеріне арнап «Қош келдіңі Көктем!» өткізді. Кітапханашы «Көктемнің құпиялары!» атты сұрақ-жауап ойынына шақырды. Көктемгі мерекелер еске алынды: 8 наурыз, Наурыз! Т. Әлжантегі «Базарлық» кітабынан аналар мен әжелерге арналған әңгімелер оқылды. Ө. Ақытбекұлының «Қызықты жұмбақтар» кітабы бойынша «Ең ақылды!» ойынына балалар қуана қатысып, қызықты ақпарат алды. Танымдық сабақ мерекелік көңіл-күймен өтті.