Қостанай облысы өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша көшбасшылар үштігіне кіруге ұмтылуда. Бұл жолдағы маңызды қадамдар – «KamLitKZ» ЖШС зауытын іске қосу және KIA зауытын салу.
🔷«KamLitKZ» ЖШС зауыты өнімдерді құюды бастады, 1000-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда, бұл өңірдегі жұмыспен қамту деңгейіне оң әсерін тигізеді. Зауыт жылына шамамен 164 мың шойын бұйымын өндіретін болады, ал 2024 жылы 2400 өнім шығару жоспарланған.
🔷Құрылысы 2023 жылдың қараша айында басталған KІА зауыты республиканың тәуелсіздігі кезеңінде салынған өңірдегі ең ірі кәсіпорын болады. Ол іске қосылған кезде 1500 жаңа жұмыс орны ашылып, зауыттың қуаттылығы жылына 70 мың автокөлік құрайды деп жоспарлануда.
🔷Бұл жобалар экономикалық өсуге ықпал етумен қатар, кадрлар даярлауға және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
https://www.instagram.com/reel/DAnAEGVN7WV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==