Қостанай жерінің мақтанышы

2024 жылдың 15 қарашада Н. Островский ат. ОҚК драматург, қазақ әдебиетінің классигі Б. Майлиннің 130 жылдығына арналған «Қостанай жерінің мақтанышы» атты өлкетану сағаты өткізілді.
Іс-шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми хатшысы Оташева Назима Қуанышбайқызы шақырылды, ол жерлесіміз Б. Майлин туралы естеліктерімен бөлісіп, ақынның өзіндік ерекшелігі мен оның шығармашылық даралығы туралы айтты. Қатысушылар өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін бейнероликті тамашалады. Оның туған жердің қасиеті, сұлу табиғатына арналған туындылары: «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз», «Елге барғанда», «Қырда», «Аштық құрбаны… Дәмештің хаты» атты үзіндісін «Тұмар» клубының студенттері мәнерлеп оқыды.
Іс-шара соңында «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты дәстүрлі кітап көрмесі ұсынылды.