«Виртуалды анықтама»
«Виртуалды анықтама» виртуалды анықтамалық қызметі қашықтағы пайдаланушылардың ақпаратты іздеумен байланысты бір реттік сұраныстарын орындайды. Біз үшін пайдаланушылардың басым санаты – мектеп оқушылары, қызметкерлер, балалар оқуының жетекшілері (мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар).
Виртуалды анықтамалық қызмет жұмысының барысында
– белгілі біркітаптардың, журналдардың, газеттердің біздің кітапханаларымыздың қорларында бар/жоғын анықтау;
– белгілі бір басылымның біздің филиалдардың қайсысында бар екенін анықтау;
– кітап немесе мақала туралы мәліметтерді (авторы, атауы, шыққан жылы, беттер саны) нақтылау;
– белгілі бір терминнің мағынасын, тарихи немесе мәдени оқиғаның датасын, тарихи тұлғаның өмір сүрген кезеңдерін анықтау;
– қажетті тақырып бойынша баспа басылымдарының тізіміне қол жеткізу;
– МЕМСТ сәйкес құжаттарды библиографиялық сипаттау ережелерін, әдебиеттер тізімін құру ережелерін нақтылау бойынша сұраныстар қабылданады.
Сұраныстарға жауап алу мерзімі, орны
Сұрақтың күрделілігіне, қабылданған уақытына және сол күні келіп түскен сұраныстардың
санына байланысты, 1-3 күн ішінде жауап қайтарылады.
Жауаптар сайтта жарияланады немесе электрондық поштаға жолданады.
Барлық жауаптар кері хронологиялық тәртіпте беріледі. Жауапты сұраныс жіберілген дата бойынша табуға болады. Күніне көп дегенде 5 сұраныс орындалады.
Сұраныс бойынша ақпарат табуға мүмкіндік беретін қосымша дереккөздер
Уақытыңызды жоғалтпай, қажетті ақпаратты өзіңіз табуыңыз мүмкін. Ол үшін кітапхананың электрондық каталогын пайдалануға болады.
Сұраныс беру тәртібі
Сұраныс беру үшін біздің сайтқа кіру керек. Сұрағыңыз мүмкіндігінше айқын тұжырымдалуы тиіс, бұл кітапханашыға нақты жауап ұсынуға мүмкіндік береді. Тақырыптық сұраныс (кезең бойынша ақпарат сұрау) нақты болуы қажет. Сұрақ қою барысында аты-жөніңізді, сұраныс мақсатын (оқу тапсырмасы, жеке қызығушылық) көрсетуіңіз керек.
Сұрақ белгілі бір үлгі бойынша толтырылады. Бірнеше сұрағыңыз болса, кітапханашы өзі таңдаған сұрақтардың біреуіне ғана жауап береді.
Сұрақ қоймас бұрын, «Сұраныстар мұрағаты» айдарын қараңыз, дайын жауапты сол жерден табуыңыз мүмкін.
Шектеулер
- Біз тақырыпқа сай келмейтін сұрақтар мен пікірлерді өшіруге құқылымыз.
- Біз оқу тапсырмаларын орындамаймыз (мысалы, көркем шығарма мәтінін талдау, шығарма мәтіні бойынша тексеру тапсырмалары және т.б.) және тест сұрақтарына, сондай-ақ емтихан және байқау сұрақтарына жауап бермейміз.
Мұндай сұраныстарға аталмыш тапсырмалардың жауаптарын қамтуы мүмкін әдебиеттердің тізімі беріледі. Дайын шығармалар, рефераттар, баяндамалар, жобалар ұсынылмайды, анықтамалық қызмет физика, химия, математика және т.б. есептердің шешімін таппайды. Викториналық сұрақтардың дайын жауаптары берілмейді (сұраныс тақырыбы бойынша кеңес алып, әдебиеттерді таңдауға болады). Сызбаларды, жоспарларды, схемалар мен макеттерді әзірлеумен және дайындаумен байланысты сұраныстар орындалмайды.
- Бір пайдаланушыдан күніне бір сұраныс қана қабылданды.
4. Тақырыптық сұранысқа жауап ретінде 30 атаудан аспайтын тізім (дереккөздердің немесе ғаламтор ресурстарының қысқаша библиографиялық сипаттамасы) ұсынылады.
5. Терең ғылыми ізденісті қажет ететін сұраныстар қарастырылмайды. Біз ғаламтор желісінде оқу жұмыстарын, ғылыми жұмыстарды, диссертацияларды,
рефераттарды, электрондық кітаптарды, ғылыми мақалаларды және т.б. іздеумен айналыспаймыз.
6. Анықтамалық қызмет коммерциялық сипаттағы сұраныстарға жауап бермейді (сатып алу-сату), сондай-ақ құқықтық кеңестер (заңдарды және өзге де құқықтық актілерді түсіндіру) бермейді, қолданыстағы заңнаманың бұзылуы жағдайында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы ақпарат ұсынбайды.
7. Құжаттардың толық мәтіні берілмейді. Құжаттарға қол жеткізу үшін біздің сайттағы толық мәтінді мәліметтер қоры қызметін пайдалануды ұсынамыз.
8. Біз электрондық пошта арқылы жіберілген сұраныстарға жауап бермейміз.
Жұмыс тәртібі
Сұраныстар дүйсенбіден жұмаға дейін Виртуалды анықтамалық қызметтің жұмыс уақытында (9.00-18.00) қабылданып, қабылданған ретпен өңделеді. 16:00-ден кейін келіп түскен сұраныстар келесі жұмыс күні өңделеді. Мереке немесе демалыс күндері түскен сұраныстар мереке немесе демалыс күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні қаралады.
Виртуалды анықтамалық қызметтің жұмысы тегін!