Табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Қызыл кітапқа енген жануарлар» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы Қызыл кітап адамның араласуына байланысты жойылып кету алдында тұрған өсімдіктер мен жануарлар туралы әртүрлі ақпараттардың жиынтығы екенін айтты. Балалар біздің еліміздің сирек кездесетін жануарлары мен өсімдіктері туралы біліп, «Табиғат әлемі» викторинасына қатысып, кроссвордтар тапты. Соңында кітапханашы «Қызыл Кітапты парақтағанда» тақырыптық сөресіндегі басылымдарды ұсынды.
Қызыл кітапқа енген жануарлар
