«Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Западный» кітапхана-филиалында «Үй жануарлары» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Балалар жануарларды ұстаудың негізгі ережелерімен танысты, сұрақтарға жауап берді, үй жануарларын дұрыс ұстауға көмектесетін кітаптар мен журналдармен танысты. Олар қандай жануарлардың үй жануарларына жататынын есіне алды, мысықтар, иттер және басқа жануарлар туралы сөйлесті. Сондай-ақ үйдегі достар туралы әңгімелерімен бөлісті. Үйірме қызықты әрі пайдалы өтті.
Үй жануарлары
