2025 жылғы 01 наурызда «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі аясында 6697 ә/б мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ұлттық ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға «Мугунхва» корей ән ансамблі және «Казачья воля» орыс, казак және славян әндерінің халық ансамблі қатысты. Іс-шараның басында жүргізушілер мерекенің құрылу тарихы туралы қысқаша айтып берді. Іс-шара барысында Абдыкаримова Тазагүлдің орындауында «Қазақ елі» және «Қайтар маған» әндері, Ирина Овраменконың «Жазира» әні және бірлесіп «Сағындым Алматымды» әндері орындалды.
Іс-шара соңында барлығы бірігіп «Атамекен» әнің шырқады. Іс-шара өте жылы және достық атмосферада өтті. 6697 ә/б қолбасшылығына алғысымызды білдіреміз.
Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан
