23 сәуірде «Станционный» кітапхана-филиалында «Ұлттық кітап күні – алға қадам» атты семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Ахметова Ажар Куандыковна, Карпухина Анна Александровна, Қостанай облысы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, Кабиева Светлана Багытовна, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеті бөлімінің сирек кездесетін кітап мұражайы қорының қызметкері қатысты.
Семинардың практикалық бөлімінде мектеп жасындағы балалармен «Балалар сөресіндегі қызықты ақпарат» атты сахналанған әңгіме, «Абай – дана, Абай – дара» әдеби гид ұйымдастырылды. Семинар соңында кітапты насихаттауға және кітапханаға жаңа оқырмандарды тартуға бағытталған «Біз айтамыз, сен таңдайсың» атты кітапты насихаттау ұсынылды
