2025 жылдың 5 желтоқсанында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қазтұтынуодағы Қостанай Жоғары колледжі» мекемесінің 2 курс студенттеріне арналған «Ұлы ата-бабалар мұрасы» виртуалды саяхатын ұйымдастырды.
Кітапханашылар ежелгі Қазақстанның тарихымен, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Іс-шараға қатысушыларға «Қазақстанның киелі жерлері» атты презентация мен бейнесюжет көрсетілді.
Қатысушылар көптеген сәулет ескерткіштері, табиғи көрікті жерлер, киелі орындар, Қазақстанның ежелгі қалалары туралы білді.
Ұлы ата-бабалар мұрасы