«Узкоколейный» кітапхана-филиалында қазақ халқының көрнекті ағартушысы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ұлы дала мұғалімі» тақырыптық сөресі рәсімделді. Көрмеде жазушының көркем шығармалары, ол туралы, ғылыми және педагогикалық еңбектері туралы шығармалар, ағартушының өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер қойылған.
Мәселен, Ғарифолла Есімнің «Тұлғалар-қаламгерлер» кітабында әр түрлі елдерде өмір сүрген әдебиет қайраткерлері туралы эсселер жинақталған. Кітап тарауларының бірі Ыбырай Алтынсаринге арналған. Серікбай Оспановтың «Сөнбес шырақ» кітабында Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі туралы әдеби-сыни мақалалар бар.
Ұлы дала мұғалімі