Ұлы сөз шеберлері

«Западный» кітапхана-филиалында мерейгер балалар жазушылары П. Бажов, В. Бианки, А. Гайдар және В. Астафьевке арналған «Ұлы сөз шеберлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

22 қаңтарда жазушы, күрескер, ағартушы, патриот және Отан қорғаушы Аркадий Гайдардың туғанына 120 жыл толады. Көрмеде «Повести. Рассказы», «Школа», «Избранное» және т.б. кітаптар ұсынылған.

27 қаңтарда әйгілі Орал ертегілерінің авторы, жазушы, фольклоршы, журналист Павел Петрович Бажовтың туғанына 145 жыл. Көрмеде «Малахитовая шкатулка», «Серебряное копытце», «Голубая змейка» және т.б. шығармалар топтамалары ұсынылған.

11 ақпанда анималист жазушысы Виталий Бианкидің туғанына 130 жыл толады. Көрмеде «Лесная газета», «Кувырк и другие рассказы», «Красная горка» кітаптар ұсынылған.

1 мамырда әйгілі кеңес жазушысы, майдангер, ауылдық және әскери-патриоттық прозаның шебері Виктор Петрович Астафьевтің туғанына 100 жыл толады. Көрмеде «Перевал. Кража», «Последний поклон» және т.б. кітаптар ұсынылған.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.