«Узкоколейный» кітапхана-филиалында Ә. Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлы жазушыны еске алу» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда автордың «Долг» романы, «Кровь и пот» трилогиясы және т.б. шығармалары ұсынылған. Бигелді Ғабдуллиннің «Художник не рождается на асфальте» атты мақаласында жазушының іштей кемірген Арал қасіреті туралы ой-пікірін ашады. Светлана Ананьева «Казахстан в моей судьбе» атты мақаласында көрнекті тарихи тұлғаларға, ағартушыларға, жазушыларға арналған хрестоматия туралы әңгімелеп, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «И был день… И была ночь…» атты мақаласы балықшылардың қаһармандық еңбегі, адам рухының күші мен өлмес жан туралы жарық көрді.