Ұстаз болу – жүректің батырлығы

15 қаңтар күні «Южный» кітапхана-филиалында М.Хакімжанова ат. № 20 орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларына арналған қазақстандық педагог, аудармашы Қ. Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Кітапханашы автордың, әдебиеттанушы ғалымның және қоғам қайраткерінің өмірбаянының маңызды фактілері туралы айтып, оның Қазақ КСР әнұранының авторы болғанын, Абай шығармаларын зерттеудің текстологиялық негіздерін әзірлегенін, түпнұсқа мәтіндерін қалпына келтіргенін және ақынның бұрын белгісіз болған 30-дан астам өлеңін анықтағанын атап өтті.
Іс-шара барысында балалар А. Құнанбаевтың «Қыс», «Білімдіден шыққан сөз» атты танымал шығармаларын оқып, оның өлеңдерінің үзінділерін орыс тіліне аударды. «Адам, уақыт, оқиға» деректі фильмінен үзінді ұсынылды.
Шара соңында кітапханашы «Қайым Мұхамедханов – шындыққа адал ғалым» тақырыптық сөресіне шолу жасады.