Қостанай қаласының 145 жылдығына орайластырылған «Менің Қостанайым» жобасы аясында Н. Островский ат. ОҚК оқырмандары мен Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін «Әдеби Қостанай» атты әдеби-музыкалық қонақ бөлмесін өткізді.
Іс-шараға шақырылған қонақтар: қостанайлық журналист, жазушы Оразалы Жақсанов, ақындар Александра Суслова, Евгений Демидович, Абылай Мауданов сөз сөйледі. Әдеби-музыкалық композиция туған өлке ақындарының поэтикалық жолдарымен толықты, Қостанай туралы А. Суслованың өлеңдеріне әндер шырқалып, «Жұлдыз» домбыра студиясының қатысушылары күй орындаса, Розалина Каканова «Туған жер» әнін орындады. Іс-шараға «Туған жердің өшпес үні» атты кітап көрмесі жалғасты.