Әдеби ертегіні сахналау

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларға қазақ халық ертегісі негізінде жазылған Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналауды ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қызығушылық танытып, рөлдер бойынша оқығанда өздерінің көркемдік шеберлігін көрсетті. Қатысушылар достық туралы мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті.
Іс-шара соңында Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша кітап көрмесіне шолу жасалды.