Біздің Қостанай өңірі үлкен әдебиет таланттарының туған жері. Өңіріміздегі әдебиеттің қаншалықты сан-салалы екенін түсіну үшін Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев және тағы басқа есімдерді атасақ болғаны.
Н. Островский ат. ОҚК ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрме облысымыздағы әдебиеттің «алтын қорын» құрайды. Онда шығармашылықтары, өлкеміздің тыныс-тіршілігімен сабақтасып, күні бүгінге дейін адалдық танытып келе жатқан қаламгерлер туралы мәліметтерді табуға болады. Ғ. Қайырбековтың «Алыс та жақын жағалау», С. Оспанұлының «Ахмет ата», С. Мәуленовтың «Ақ түн», П. Черныштың «Было такое ребята», Н. Ковтунның «Эхо времени», Г. Нечитайлоның «Любить край родной и его людей», «Бір ел – бір кітап» акциясына таңдалып алынған Тәкен Әлімқұловтың және Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары бар.