«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Е. Өтетілеуұлының «Әдептілік – әдемілік», Р. Б. Нұртазина, А. Д. Сейсенова «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» кітаптарынан алынған материалдарды пайдалана отырып, балаларды этикет түрлерімен таныстырды. Балалар қоғамдық орындарда, отбасында, мектепте тәртіп ережелері мен нормалары туралы түсінік алды. Іс-шара соңында оқушылар әртүрлі этикет ережелерін суреттейтін сюжеттік суреттерде бейнеленген жағдайларды түсініп, өз пікірлерін білдіріп, мінез-құлық үлгілерін талқылады.
