2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай облысындағы «Застава Тарландары» шекара қызметі ардагерлер Кеңесінің мобильді тобының құрамында Қостанай облысы Қарабалық шекара заставасының ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қызметкерлері үшін әскери-патриоттық сағатқа қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының мән-жайлары түсіндірілді. Іс-шара диалог түрінде өтті, Жолдаудың негізгі мәселелері талқыланды, кездесуге қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.