Ағымдағы жылдың 8 қазанда «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Әділетті Қазақстан курсына» атты кітап көрмесі безендірілді. 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» жолдауын жолдады. Көрмеде жолдаудың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіні ұсынылған. Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың кітаптар топтамасы оқырмандарды Қазақстанның азиялық және еуропалық бағыттағы сыртқы саясатымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығымен, сондай-ақ тарихи-публицистикалық мақалалар мен очерктермен таныстырады.
2024 жылғы 6 қыркүйекте «Учительская плюс» газетіндегі «Президент объявил 2025-й Годом рабочих профессий» мақаласында білім беру саласы мәселелері бойынша жолдаулардың негізгі тезистері жарық көреді. Көрмеде орналасқан басқа да дереккөздерде Қазақстанның қазіргі заманғы халықаралық және экономикалық қатынастары баяндалады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді біздің көрмені аралауға және онымен жақынырақ танысуға шақырамыз!