Ән сал, домбыра, сыңғырла, домбыра!

Шілде айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын және қазақтың ұлттық музыкалық аспабы саналатын музыкалық аспап – Домбыра күні атап өтіледі.
Ағымдағы жылдың 4 шілдесі Ұлттық домбыра күні аясында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында шағын ауданның кіші және орта буын балалары арасында «Ән сал, домбыра, сыңғырла, домбыра!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы домбыраның пайда болуына байланысты «Ақсақ Құлан» тарихы мен аңызын айтып берді. «Қазақстанның аты аңызға айналған күйшілері мен жыраулары» атты презентация көрсетіліп, одан балалар қазақтың ұлы композиторлары мен жырауларының өмірбаяндарымен танысты. Сондай-ақ қазақ композиторлары мен әншілері, Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сынды домбыра өнерінің ұлы классиктері туралы кітаптар көрсетілді. Кітапханашы домбыра қазақ халқының өмірінің бір бөлшегі болғандықтан, көптеген қазақ ақындары өз шығармаларында домбыра туралы жазғанын атап өтті.
Қорытындылай келе қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің «Домбыра» поэмасынан үзінді оқыды.