Әрқашан білімге ұмтыл!

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында № 25 НОМ 1 сынып оқушыларына «Әрқашан білімге ұмтыл!» экскурсиясы ұйымдастырылды.
Кітапханашы кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы айтып, кітаппен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды, кітапханадағы кітаптар алфавит бойынша қатаң орналасқанын түсіндірді. Кітапхананы пайдалану ережелеріне назар аударды.
Балаларға арналған викторина мен жұмбақтар дайындалды, олар қуана-қуана шешті. Балалар ойлау, есте сақтау және ақылдылық тапсырмаларын орындады.
Іс-шараға «Ұлы құпиялар бізге ашылады…» тақырыптық сөресі дайындалды.
Іс-шара соңында «Оқудың пайдасы туралы» бейнеролик көрсетілді.