05 желтоқсанда «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 6 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларына арналған «Әр түрлі кітаптар қажет» атты кітапханалық сабағын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды әртүрлі көлемдегі және мазмұндағы кітаптар ұсынылған «Кітаптар әлеміне саяхат» көрмесімен таныстырды.
Балалар кітаптардың оқу, деректі, анықтамалық, көркем, ғылыми, публицистикалық және т.б. болып бөлінетінін білді.
Соңында олар кітап басылымдарымен жұмыс істеу ережелерін еске түсірді, сонымен қатар жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді.
Әр түрлі кітаптар қажет