Әрбір Жолдау – алға қадам

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназия оқушыларына «Әрбір Жолдау – алға қадам» ақпараттық сағатын өткізді.
Кітапханашы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінімен таныстырды. Президенттің Жолдауындағы ең бастысы: Жасанды интеллект министрлігі Қазақстанда пайда болады, Alatau Ciyu Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы болады, Қазақстан толығымен цифрлық елге айналады.
Қатысушылар Қазақстандағы үйлерді жобалау үшін жасанды интеллектті пайдалану, Қазақстанның импорттық өнімдерге тәуелділігін азайту, жоғары инфляцияға қарсы күрес туралы айтты.
Соңында «Президент Жолдауы – болашаққа көзқарас» тақырыптық сөресі таныстырылды.