«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларға әжелердің жүнді қолмен иіріп, бояп, кілем тоқу тәсілдері туралы айтып берді. Іс-шара барысында балалар кілемдер мен өрнектердің әртүрлі түрлерімен танысып, үйдің интерьерін безендіретін бұйымдар туралы жұмбақтар шешті. Сабақ соңында оқушылар ұлттық ою-өрнекпен түрлі-түсті кілемдер салып, дайын жұмыстар көрмесіне шолу жасады.