Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламаймын

Орыс ақыны Сергей Есениннің туғанына 130 жыл толуына орай «Западный» кітапхана-филиалында № 6 орта мектептің 5 сынып оқушылары үшін «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламаймын» атты поэтикалық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы ақынның шығармашылығымен таныстырды, балалар «Берёза», «Поет зима – аукает…», «Черемуха» және т.б. өлеңдерін оқыды. Тыңдаушылардың жүрегінде әсер тудырған «Не жалею, не зову не плачу» және «Над окошком месяц, под окошком ветер…» романстарын тыңдады. Поэтикалық сағат қатысушыларға Есенин поэзиясы әлеміне енуге мүмкіндік берді, балалардың әрқайсысы орыс лиригінің шығармашылығының сұлулығы мен тереңдігін толық сезіну үшін ақынның портретін әкелді.
Соңында қатысушылар «Есенин беттері» кітап көрмесінің материалдарымен танысты.