Қазақтың ақын қызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Өмірі өлеңмен өрілген ақын» атты жыр сағаты өтті.
Кітапханашы ақын қыздың өмірбаяны, қызметі және шығармашылығымен таныстырды. Поэзия сағатында жазушының «Дала менің қазынам, жыр сандығым», «Туған жер, туған ауыл қымбат маған», «Әйелдерге ода» және т.б. өлеңдері оқылды. Сондай-ақ кітапханашы кітапхана қорындағы «Дауа», «Шілде» кітаптарын және В. Распутиннің повесть мен әңгімелері аудармасы бар «Аударма» кітабын сыйға тартты.
Шара соңында М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза қыз» әні орындалды.