Өрт – тілсіз жау

«Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Западный» кітапхана-филиалында «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Кітапханашы балаларға өрттің шығу себептерін, электр құрылғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелермен, өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. Балалар «Отпен ойнаманыз!» атты мультфильм тамашалап және әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші мамандығымен танысты.
Іс-шара соңында балалар өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай деген қорытындыға келді.