Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра!

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра!» атты батылдық сағаты өткізілді. Кітапханашы Ұлы Отан соғысы майданында соғысқан қазақ халқының батыр ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы айтып берді. Іс-шара барысында оқушылар жазушы Б. Момышұлының еңбектерімен танысып, «Қойын дәптер құпиялары, ноқтаға басы сыймаған» шығармасын мәнерлеп дауыстап оқыды. «Ұлы Жеңіс – мәңгілік тағзым» кітап көрмесіне шолу жасалды.