Өшпес есім

2024 жылы әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады. Осы атаулы датаға орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Өшпес Есім» тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Кітапхана қорынан келушілер назарына «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Тарихи тұлғалар», «Сен білесің бе?» энциклопедиясы сияқты кітаптар және мерзімді басылымдардағы мақалалар ұсынылды.
Біздің қасиетті борышымыз – сол сұрапыл соғыстың тағылымын еске алып, аға ұрпақтың теңдессіз ерлігін қасиетті түрде ұлықтау.