«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкері № 13 НОМ оқушыларына «Өткенге оралу» тарихи квестін өткізді.
Іс-шараның басында кітапхана қызметкері облыс орталығының тарихын, оның құрылғанынан бастап бүгінгі күнге дейін, қаланың атын өзгерту туралы айтып берді. Туған өлкенің тарихын насихаттау мақсатында тыңдаушыларға тарих ғылымдарының кандидаты, профессор И. К. Терновойдың редакциясымен 2012, 2013 жылдары шыққан «Кустанай – Костанай: очерки истории» екі томдық кітабы бойынша «Веб-квест» ойыны ұсынылды.
«Веб-квест» ойынында балалар бірнеше кезеңнен үлкен қызығушылықпен өтті, ойынның әр кезеңі белгілі бір тапсырмаларды қамтыды
