Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай «Северный» кітапхана-филиалында «Өзгенің арасында» атты құрмет кеші өтті. Шара барысында жүргізуші Герольд Карлович Бельгердің үш тілде – орыс, неміс және қазақ тілдерінде бірдей талантты жазғанын атап өтті. Герольд Бельгердің қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін сөз еткен оқырмандар болғаны қуантады.
Соңында көрермендерге прозаиктің шығармашылық мұрасын ашатын кітап көрмесі ұсынылды.