Өзіңіздің таңғажайып әлеміңізді ашыңыз

2025 жылғы 29 қазанда Островский ат. ОҚК қызметкерлері А. М. Горький ат. № 12 гимназия оқушыларына экскурсия өткізді.
Кітапханашылар кітапхананың жұмыс тәртібі туралы айтып берді. Ақпараттық ресурстармен – кітап қорымен, мерзімді басылымдармен таныстырылды. Кітап көрмелерін ұсынды, «Тұмар» жастар клубы, «Жас жалын» шығармашылық студиясы туралы әңгімеледі.
Экскурсия соңында ақпараттық нұсқаулықтар, буклеттер, бетбелгілер таратылды.