Өзіміз туралы сөйлесейік

21 қарашада «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Өзіміз туралы сөйлесейік» атты пікір алмасу іс-шарасын өткізді. № 6 мектептің психологы Б. К. Құлмұратова, № 6 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында психолог гендерлік теңдік саясатының негізгі түсінігі мен мағынасын түсіндіріп, осы саладағы жағдайды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы «жыныс» және «гендер» ұғымдарын түсіндірді.
Кітапханашы мектеп өміріндегі мысалдар арқылы оқушыларға гендерлік теңдік туралы сұрақтар қойды, белсенді балалар өз өмірлеріндегі жағдайлармен бөлісті.
Балалар талқыланатын тақырыпқа қызығушылық танытты.