5 минуттық өнер

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері ҚМУ «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» балаларына оригами бойынша «5 минуттық өнер» шеберлік сабағын өткізді.
Кітапханашы оригами қағазды қайшысыз және желімсіз бүктеу өнері екенін атап өтті. Шара барысында гүлдің кезең-кезеңімен жасалуы туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар түрлі-түсті қағаздан гүл жасау үрдісін жақсы тамашалады.
Бұл шеберлік сабағы балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, топта жұмыс істеуге баулиды.