«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері З. Алдамжаров ат. «Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесінің аға кітапханашысы Бекентаева Айман Қожаққызымен бірге «Кітап беттерін парақтағанда» атты кітап десантын өткізді.
Іс-шара «Жастар бульвары» саябағында шағын аудан тұрғындары үшін, № 13 НОМ балалары мен З. Алдамжаров ат. «Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесініңе студенттер үшін өтті.
Кітапханашының сөзінен қатысушылар акцияның пайда болу тарихы туралы, 2025 жылы республикалық акция аясында жалпыхалықтық оқу үшін көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары және биыл 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдері ұсынылғаны туралы білді.
Қорытындылай келе, шағын ауданның жас тұрғындарын кітапхана жанынан жұмыс істейтін «Фантазия» үйірмесіне шақырып, абонементтің жұмысы, оқу залы, кітапхана қызметтері және іс-шаралар туралы айтып берді.
Кітап беттерін парақтағанда
