«Строительный» кітапхана-филиалы оқырмандар назарына әлемдік ауқымдағы проблемаға – терроризм мен экстремизм қаупіне арналған «Қауіпсіздік сабақтары: не істеу керек, егер?…» атты тақырыптық сөре-кеңес ұсынады. Онда мерзімді басылымдардың материалдары мен осы тақырып бойынша пайдалы және өзекті ақпаратты білуге мүмкіндік беретін әдебиеттер ұсынылған.
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы алғаш рет 1999 жылғы 30 шілдедегі «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Осы Заң террор актілеріне қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
«Безопасность жизнедеятельности» оқулығында төтенше жағдайлар кезінде халықты және аумақты қорғаудың қолданыстағы жүйелері туралы мәліметтер келтірілген.
Амангелді Жантасовтың «Второй мусульманский (спецназ из Казахстана)» кітабы моджахедтерге қарсы күресте батылдық танытқан Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамындағы жасақтың қалыптасу кезеңі мен жауынгерлік жұмысы туралы баяндайды.
Оқырмандарды өзекті әдебиеттерді оқуға шақырамыз!
Қауіпсіздік сабақтары: не істеу керек, егер?…
