Дауыста, домбырам!

Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Южный» кітапхана-филиалы «Балалар тұрағы» балаларды дамыту орталығының оқушылары үшін «Сиқырлы домбыра үндері» атты іс-шара өткізді.
Шара басында «Балалар тұрағы» балаларды дамыту орталығының вокалистері мен Қ. З. Нұрмағамбетованың жетекшілігімен «Un dala» домбырашылар ансамблі домбыра композициясын орындады.
«Un dala» домбыра ансамблі Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін, Кұрманғазының «Адай» күйін домбырада орындады.
Шараның қонағы суретші, мүсінші, қолөнерші Мұхаметқали Рахалиев болды. Мұхаметқали Рахалиев ең үлкен өнертабыстың бірі саналатын домбыраның пайда болу тарихы мен аңызына тоқталды. Жүргізуші бұл мерекенің бастаушысы болған Қазақстанда бұл мерекенің пайда болу тарихы, оның қазақ халқының болашағы үшін маңызы туралы айтып берді.
Шара соңында «Халықтың жаны – домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.