Жол белгілері – біздің досымыз!

2025 жылдың 2 шілдесінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жол белгілері – біздің досымыз!» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Шараға № 5 «А» бастауыш мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты. Олар «Көңілді жол полициясы», «Рұқсат етілген – тыйым салынған» атты танымдық жаттығулар мен викториналарға қуана қатысты. «Автомульти» ойынында олар әдеби кейіпкерлердің көлік құралдарын еске түсірді. Жұмбақтар ойлап тапты, жол қозғалысы ережелері туралы сұрақтарға жауап берді.
Кітапханашы С. Михалковтың «Дядя Степа – милиционер» өлеңінен үзінді оқыды.
Шара соңында ол жаяу жүру ережелері туралы кітаптарды сыйға тартты. Балалар«Азбука безопасности на дороге» танымдық мультфильмін тамашалады.