«Станционный» кітапхана-филиалы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Тарихты тану: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бауыржан Момышұлы – майдандағы оқиғаларды өз естеліктерінде суретке түсірген, майдандағы әскери істің, стратегия мен тактиканың шебері. Оның шығармалары 30 томнан асады.
Көрмеде жазушының кітаптары, сондай-ақ ол туралы замандастарының ой-толғамдары, оның ерлігіне арналған көркем шығармалары, Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты Ұлы Отан соғысы туралы тарихи кітаптар ұсынылған: Б. Момышұлы «Психология войны», «Перо – самое тяжелое оружие», «Очарованные», «Қанмен жазылған кітап», Ж. Ыбыраев «Бауыржан Момышұлы. Майдан жыры мен сыры» және басқалары, сондай-ақ мерзімді басылымдардағы мақалалар.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.
Тарихты тану: уақыт, оқиғалар, адамдар
