Астана – арман қала!

Елорда күніне орай «Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Романтик» аула клубының балалар тобына «Астана – арман қала!» ақпараттық досьесін өткізді.
Кітапханашы елорданың құрылу тарихы мен көрікті жерлері, ескерткіштер мен мемориалдар, елорданың символдары туралы айтып берді. Жас тыңдармандар: «Қазақ елі» монументі, тас барыстарды көруге болатын көпір, үш қабатты тостаған түрінде жасалған субұрқақпен танысты.
Бәйтерек Президенттік мәдениет орталығы, «Думан» ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы туралы, 2017 жылы Астанада «ЭКСПО – 2017» атты үлкен, мамандандырылған халықаралық көрме өткенін білді.
Балалар Отанымыздың астанасы туралы тақпақтар оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Соңында «Мақтанышым – Астана» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.