Біз жазды саламыз

«Западный» кітапхана-филиалында «Біз жазды саламыз» шебер-сыныбы өткізілді. Жаз – бұл балалар мен ересектер үшін ең әдемі, көптен күткен уақыт, оны бәрі жақсы көреді және күтеді. Жас суретшілер өздерінің жазын қағазға түсіріп, оны көргендей және сезінгендей түрлі-түсті бояулармен көрсетті. Жарқын, ерекше, ең бастысы мейірімді суреттер арқылы балалар өздерінің эмоцияларын, сезімдерін, жылдың керемет уақыты – жазға деген көзқарастарын білдірді.