Балаларға сыбайлас жемқорлық туралы

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Балаларға сыбайлас жемқорлық туралы» тақырыптық сөре рәсімделді. Көрмеде сыбайлас жемқорлық және онымен күрес тақырыбын қамтитын әдеби басылымдар ұсынылған.
Бұдан басқа, оқырмандар Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен, ғылыми жинақтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі қаралатын «Заң» және «Фемида» сияқты мамандандырылған журналдардағы жарияланымдармен танысуға мүмкіндік алады.
Ұсынылған материалдар балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір адамның азаматтық борышы екенін түсінуге көмектеседі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз!